Астанада екі автокөлік жарылды

02.08.2014
Астанада екі автокөлік жарылды

Астанада «Мерседес» маркалы минивэн «Дипломат» тұрғын үй кешенінің автотұрағында жарылды. Бұл туралы ақпарат агенттіктеріне оқиға куәгерлері хабарлаған.

«Басында бір автокөлік жарылды, одан соң соның қасында тұрған екінші көлік те жарылып кетті. Абырой болғанда, көліктер ішінде адамдар болған жоқ», - дейді куәгерлер.

Қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, адамдар аман, ешкім жапа шеккен жоқ, өрттің себеп-салдары анықталуда.

Хабарламаларға жазылу