Алматыдағы Протездеу-ортопедиялық орталығы 9 мың адамға көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Протездеу-ортопедиялық орталығы 9 мың адамға көмектесті

01.08.2014
Алматыдағы Протездеу-ортопедиялық орталығы 9 мың адамға көмектесті

123 маманы бар Алматыдағы Протездеу-ортопедиялық орталығы мүгедек жандардың мүкіс жерін Германия, Жапонияның соңғы технологиясымен оңалтуда.

Айына 5 протез бен 500 ортопедиялық аяқ-киім тігіліп, қаладан бөлек, 8 облысты қамтып отыр.

Биыл орталық мемлекеттік тапсырыс бойынша 270 миллион 300 мың қаржының өнімін өндірсе, 27 миллион теңге көлемінде ақылы қызмет көрсеткен.

Нәтижесінде 9 мың адамға жәрдем көрсетілді. Бұдан бөлек, қазір сал ауруларының жүрісін жеңілдететін сүйелмелі жүрдек қондырғылар жасауда.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу