Шымкентте жылу бағасы 5 теңгеге қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жылу бағасы 5 теңгеге қымбаттайды

29.07.2014
Шымкентте жылу бағасы 5 теңгеге қымбаттайды

Шымкентте биыл жылу бағасы қымбаттайды. Бұл туралы шаһарды жылумен қамтамасыз ететін «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамы мәлімдеді.

Жаңа тарифке сәйкес жеке тұлғалар бір шаршы метрге жылу алғаны үшін 91 теңге 50 тиыннан төлейді. Бұған дейін бұл сома 86 теңге 95 тиын болатын. Мәселен, 50 шаршы метр үш бөлмелі пәтерге тұрғындар өткен жылы 4 348 теңге төлесе, енді оған 227 теңге қосылады.

Әрі мұндай бағаға  жергілікті Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өкілдері де келісіп отыр.

Қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне  бүгінде 1753 көпқабатты тұрғын үй қосылған. 

Нейля Омарова, облыстық Табиғи монополиялар және бағаларды реттеу департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы:

Бұл 21 шілде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылады. Бағаның көтерілу негізгі себебі табиғи газдың көтерілуі. Табиғи газ 1 қаңтар 2014 жылдан бастап өскен.

Айнұр АҚБАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу