Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жеті қылмыстық іс тергелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жеті қылмыстық іс тергелуде

17.02.2022

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Некгізінен , субсидияға бөлінген қаржы талан-таражға түскен. Бұдан өзге, ұрланған көліктерді заңсыз тіркеуге қоюмен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Күдіктілер қатарында әкімшілік полиция және халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бар. Өзге мәліметтер тергеу құпиясына байланысты жарияланбай отыр. Электр энергиясын жоғары бағамен сатқан компанияға қатысты да тергеу басталды. Заңсыз табысы - 500 миллион теңгеден асады. Ал Целиноград аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғалары мердігер компанияның басшыларымен бірлесіп Қызылсуат ауылындағы су құбырын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған. Жобаға 1,3 миллирад теңге қарастырылған. Іс сотқа жолданды.

Нұрәби Төлеутай, облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы: 

Жақсы ауданында нақты орындалмаған жұмысқа жалған шот-фактуралар жасаумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Келген шығын 1 миллирад теңгеден асады. Өткен жылы барлығы 46 қылмыстық іс тергелді. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1,6 миллиард теңге.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу