Жамбыл облысында әскери полицей парамен қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында әскери полицей парамен қолға түсті

14.07.2014
Жамбыл облысында әскери полицей парамен қолға түсті

Жамбыл облысындағы 55/13 әскери бөлімінің аға анықтаушысы пара алып жатқан жерінде ұсталды. Ол осы бөлімде қызмет ететін полиция капитанының қылмыстық ісіне көз жұма қарап, оны жазаға тартпау үшін сыйақы дәметеді.

Сұраған парасы - 50 мың теңге. Екі жақ осыған келісіп, қол алысады. Сөйтіп, істі болудан қашқақтаған әскери қызметкер аға анықтаушыға алғашында 20 мың теңгені апарып берген.

Парақор азамат ақшаның қалған бөлігін алып жатқан жерінде қолға түсті. Тергеу барысында ол өз кінәсін толығымен мойындаған.

Сондықтан, оның әрекетіне байланысты сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу өндірісі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Камал Қалыбеков, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы:

ҚР Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу