Өзбекстан Президенті Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан Президенті Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

19.02.2017
Өзбекстан Президенті Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан адамдардың ажал құшуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шын ниетпен көңіл айтты. Мемлекет басшысы өз хатында қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыс-туғандарына тілектестік және қолдау сөздерін жеткізді», - деп хабарлады Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 17 ақпан күні Жамбыл облысында 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындық бойынша Көксай шатқалында өтіп жатқан жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні түсті. Жеті адам қаза тауып, 16-сы зардап шекті.

Көксай шатқалындағы құтқару жұмыстарына 185 адам мен 24 техника жұмылдырылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын тексерумен және қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырумен ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов басшылық еткен үкіметтік комиссия айналысуда.

ҚР Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев мәселені жеке бақылауына алды.

   

Хабарламаларға жазылу