Ғарыштық мониторинг апаттың алдын алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарыштық мониторинг апаттың алдын алады

26.06.2014
Ғарыштық мониторинг апаттың алдын алады
Бақылау ғарыштан жүргізілетін болса, көптеген табиғи апаттың алдын алуға болады.  Төтенше жағдайлар министрлігі бұл тәжірбиені өз деңгейінде енгізу үшін ресейлік әріптестерімен интерактивті сабақта тәжірибе алмасты.
 
Жер серіктері арқылы өрт, су тасқыны мен қар көшкінін болжау мүмкіндігі бар.
 
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі жерді қашықтықтан бақылау тәжірибесін 1997 жылдан бері қолданып келеді.
 
Ғарыштық мониторинг ең алдымен уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қайғылы жағдайларды болдырмауға септігін тигізеді.
 
«Сондай-ақ, экономикалық жағынан да өте тиімді», дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.
 
Ержігіт Құлтаев, ҚР ТЖМ Кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры:
Бұл жаңалықтың бізге берері өте көп. Мамандарымыз Ресей Федерациясымен жақсы байланыста. Солардың озық тәжірибелерін пайдаланамыз, деп отырмыз.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу