Жамбылдық Болатхан Көптілеуов Елбасының қаламсабын сыйға алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық Болатхан Көптілеуов Елбасының қаламсабын сыйға алған

19.06.2014
 Жамбылдық Болатхан Көптілеуов  Елбасының қаламсабын сыйға алған
Жамбыл облысында тұратын Болатхан Көптілеуов - Елбасының ізгі ниетін тыңдап, қаламсабын сыйға алған жігіт.
 
Бүгінде ол - Тараз қаласындағы минералды тыңайтқыштар зауытында жұмыс істейтін білікті маман. Мемлекет басшысы қашан да жастарды қолдап, еліміздің болашағы ретінде үлкен жауапкершілік жүктейді.
 
Сондықтан, ол «Президенттің ықыласты пейілі мен ұсынған сыйы тек маған ғана емес, еліміздің бүкіл жастарына арналды», деп қабылдайды.
 
«Нұр Отан» партиясының былтырғы өткен съезі - Болатханның өміріндегі ең бір ұмытылмас шақ.  Жиыннан соң қаумалаған көптің арасында кетіп бара жатқан Елбасымен амандасып, пікірлесудің сәті түсті.
 
Жүздесіп тұрып, съезге делегат болып аттанар алдындағы көрген түсін де баян етіп үлгерді.
 
Болатхан Көптілеуов, зауыттың бөлім шебері:
Сіздің сыйлаған қаламсабыңызбен Қазақстанның гүлденуіне жоспар құрып жатыр екенмін. Осы түсім өң болсын, ақ батаңызды беріп, қаламсабыңызды ұсыныңызшы, деп едім, «әумин», деді. Содан соң қаламсабын қолыма тапсырған болатын.
 
Осы бір жүздесу оны ерекше рухтандырып, дем берді. Содан бері Болатхан қаламсапты тастаған емес. Жұмыс барысында ең бір маңызды деген құжаттарға қол қойғанда ғана пайдаланады.
 
Болатхан Көптілеуов, зауыттың бөлім шебері:
Нұрсұлтан Әбішұлы - өте көреген кісі. Бұл қаламсапты тек маған ғана емес, бүкіл Қазақстан жастарына, Жамбыл облысының жастарына сыйлады.  
 
Елбасы Жамбылға сапары түскенде фосфор зауытына аялдамай кеткен емес. Былтыр жаңадан соғылған күкірт қышқылы цехының іске қосылғанына да куә болды. Осындағы 1000-нан астам жұмысшымен кездесіп, пікірлесті.
 
Қалабай Тәжібаев, өндірістік бөлім басшысы:
Елбасы бізге келіп кеткеннен кейін  жұмысымызды ары қарай  қуанышпен, серпінмен жалғастырамыз.
 
Химия өндірісінің алыбы саналатын  Тараздағы фосфор зауыты бүгінгі таңда әлемнің 30 шақты мемлекетіне өзінің 20 түрлі өнімін саудалап отыр.
 
Айқын бағдар мен мемлекеттік қолдау отандық өндірісті әлемдік нарыққа жетелейді.  
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу