Бауырлас төрт елде кедендік кедергілер азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауырлас төрт елде кедендік кедергілер азаяды

18.06.2014
Бауырлас төрт елде кедендік кедергілер азаяды
Жібек жолы бойында орналасқан елдер арасындағы кедендік тосқауыл азайып, сауда-саттықтың дамуына ықпал етеді. Ол үшін Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия және Әзіржайжан елдерінде ортақ ақпараттық жүйе құрылуы керек.
 
Шымкентте бас қосқан түркітілдес мемлекеттердің кеден қызметі басшылары  осындай бастама көтерді. Жиынның біздің елде өтуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені, Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі транзиттік дәліз.
 
Түркі кеңесіне мүше мемлекеттерге Қазақстан Кедендік одаққа мүше елдердің нарығына жол ашады. Бастысы, көлік пен кеден мәселесі тиімді жұмыс істегенде ғана көрші елдер арасындағы экономикалық қарым қатынас нығаяды, дейді жиынға қатысушылар.
 
Сондай-ақ, келелі кеңесте «Керуен сарай» жобасының жүзеге асу барысы, бақылау бекеттеріндегі арнайы техникаларды дамыту мен оларды меңгеру үшін арнайы семинарлар ұйымдастыру мәселелері сөз болды. 
 
Абзал Сапарбекұлы, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары:
Тексеруді оңтайландыру керек. Әрбір бекетте бір сағат тұратын болса, тауардың өзінің шығыны 4 күнге өседі екен. Біздің де негізгі мақсатымыз осы. Әрбір тауардың неғұрлым азырақ бақылаудан өтіп, соңғы нүктеге тезірек жетуі.
 
Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу