«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тоқыма өнеркәсібімен 8 кәсіпорын айналысады

28.05.2015
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тоқыма өнеркәсібімен 8 кәсіпорын айналысады

Электронды жария ету жүйесін дамыту нәтижесінде ең алдымен кедендік рәсімдеу құжаттарының саны қысқарады және оны өңдеуге кететін уақыт азаяды.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы - осы жүйені алғаш болып жүзеге асырған құрылымдардың бірі. Бүгінде мұнда тоқыма өнеркәсібімен айналысатын 8 кәсіпорын жұмыс істейді.

Оларға салықтан түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Кедендік рәсімдерді «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізу әсіресе әкімшілік кедергілерді жойды, - дейді мұндағылар.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу