Елімізде экологиялық зиянсыз үйлер салына бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде экологиялық зиянсыз үйлер салына бастайды

16.06.2014
Елімізде экологиялық зиянсыз үйлер салына бастайды
Елімізде «жасыл» құрылыспен ғимараттар тұрғызылады. Ол үйлер соңғы технологиямен жабдықталады, яғни, экологияға залалы болмайды.
 
Бұл туралы бүгін «жасыл» құрылыс оқыту семинар-тренингінде айтылды.
 
Жиында шетелдік мамандар «жасыл» құрылыстың басымдықтарын сөз етті.
 
Қазір Қарағанды қаласында «жасыл» стандарт жүйесі бойынша ғимарат салынуда.
 
Энергия үнемдейтін ол үйдің бағасы нарықтағыдан жоғары болады.
 
Назия Прманова, «Жасыл Академия» ҒБО директорының орынбасары:
Бәрі қоршаған ортаға, үнемдеуге бағытталған. Бірақ, келешекте ол үй  пайдасын көрсетеді. Өйткені, адам денсаулығына жағымды. Үйдің айналасы табиғи қалпын сақтайды.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу