![Ақтөбеде контрабандалық тауар тасымалдаған топ ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_68621.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде автокөлік контрабандасы тыйылмай тұр. Ақтөбеде Еуропадан 18 автокөлікті Қазақстанға заңсыз кіргізген қылмыстық топ ұсталды. Олар кедендік салық пен төлемдерден жалтарып, жүк көліктеріне жалған техникалық құжаттар рәсімдеген.
Соның салдарынан бюджетке 1 миллиард теңгеден аса залал келді. Аса ірі көлемдегі экономикалық контрабандаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, жұмыс бабын пайдаланып кедендік рәсімдеу кезінде жалған мағлұмат берген алматылық серіктестіктің кеден маманы қолға түсті.
Ол халық тұтынатын тауарларды кедендік бақылаудан өткізбей, жасырын тасымалдаған.
Әлия ТАЛАСОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде контрабандалық тауар тасымалдаған топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/32611/)