«Алматы-Атырау» пойызында зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілді

20.04.2014
«Алматы-Атырау» пойызында зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілді
Айта кету керек, төтенше жағдайдан кейін, құтқару қызметкерлері мен жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл жетті. Апат салдарынан 44 жолаушыға медициналық көмек көрсетілген.
 
Жалпы, пойызда 586 жолаушы болған, оның 35-і қызмет көрсетуші жұмыскерлер. Аударылып қалған вагондарда 210 жолаушы мен 12 жолсерік болды.
 
Қазіргі кезде жолаушылардың барлығы оқиға орнынан қауіпсіз жерге шығарылды. Төтенше жағдайдан кейін оқиға орнына 69 құтқарушы, 12 арнайы техника, 2 тікұшақ және 2 қалпына келтіру пойызы бағытталды. Медициналық көмек көрсету мақсатында 45 дәрігер мен 6 жедел-жәрдем бригадасы және 4 психолог жұмылдырылды.
 
Сәлімжан Нақпаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:
Оқиға орнына құрамында 41 мүшесі бар жедел топ барды және 8 техника жұмыс істеді. Бұдан бөлек, «Ембімұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» кәсіпорындарының техникалары да жұмылдырылды.

Хабарламаларға жазылу