Бүгін Күннің айналасында дөңгеленген кемпірқосақ пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Күннің айналасында дөңгеленген кемпірқосақ пайда болды

14.04.2014
Бүгін Күннің айналасында дөңгеленген кемпірқосақ пайда болды
Табиғаттың тосын құбылысы. Бүгін Күннің айналасында  дөңгеленген кемпірқосақ пайда болды. Күнде кездеспейтін құбылысты қызық көрген астаналықтар  оны қалта телефондарына түсіріп алған.
 
Белгілі ауа райын болжаушы Назарбек Қожамсейіт мұны табиғаттағы өзгеріске теңеп отыр.
 
Назарбек Қожамсейіт, ауа райын болжаушы:
Кемпірқосақ күн райының бұзылар уақытында пайда болады. Бұл туралы біздің аталарымыз ертеден білген. Күн қораланса,  күрегіңді сайла, Ай қораланса айырыңды сайла деген. Мұндай ерекше құбылыстар ауа райы өзгерісінің алдында болады. Бірақ, өте сирек. Кейде күшті өзгерістер алдында екі дөңгелек пайда болады.
 
Ал, мамандардың айтуынша мұндай құбылыс жиі болып тұрады және күн райының күрт құбылуынан хабар бермейді. 
 
Ирина Веревкинаинженер:
Бұл құбылыс «Гало» деп аталады. Ол Күн сәулесінің бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы және шағылуы нәтижесінде пайда болады. Бізге ол шеңбер тәрізді көрінеді. Мұндай құбылыстар Айдың айналасында да пайда болады. Пішіні кейде доға, дақ сияқты да болып келеді.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу