Маңғыстау облысындағы 8 полигонда 117 мың тонна тұрмыстық қалдық жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы 8 полигонда 117 мың тонна тұрмыстық қалдық жатыр

14.04.2014
Маңғыстау облысындағы 8 полигонда 117 мың тонна тұрмыстық қалдық жатыр
Маңғыстау облысында тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі өзекті болып тұр. Өңірдің барлық аудандарында осыған қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Бірде-бір ауданда қалдықтарды жинау нормалары мен оны қайта өңдеу бағдарламасы әлі жасақталмаған.
 
Облыста қоқыс төгетін 8 полигон бар. Онда 117 мың тонна тұрмыстық қалдық жатыр. Бұл орындар техникалық әрі санитарлық талаптарға сай емес. Аудандарда заңсыз қоқыс төгу деректері көптеп тіркелген. 
 
«Мәселен, Жетібай ауылында халық қалдықтарды ауыл ортасына көміп жатыр», дейді прокурорлар.
 
Ерболат Сапарбеков, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:
Қоқыстар жерге көміліп жатыр. Ол экологияға, халықтың денсаулығына зиян келтіруде. Қазір аймақтарда санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде, бірақ, қажетті деңгейде болмай жатыр.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу