Пара алған күдікті құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара алған күдікті құрықталды

26.03.2014
Пара алған күдікті құрықталды
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол орынбасары мен кадр бөлімінің тізімінде тұрған азаматты Шымкент қаласының атқару инспекциясындағы лауазымында қалдыру үшін, 2000 доллар көлемінде пара алды деген күдікпен қолға үсті. 
 
Қаладағы ірі сауда орындарының бірінде ұсталған орынбасар, тиісті соманы аталған азаматтың жұбайынан алған. Қазіргі таңда күдікті үй қамауында отыр. Оған қатысты қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу, алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
Эльвира Қадірсізова, ОҚО ЭСЖҚКД баспасөз хатшысы:
ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3 бөлігі, 177-бабының 3 бөлігі «г» тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде. 
 
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу