Қызылордада пияздан сусын өндіру қолға алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада пияздан сусын өндіру қолға алынбақ

21.03.2014
Қызылордада пияздан сусын өндіру қолға алынбақ

Қызылордада обыр дертіне ем  пияз сусыны өндірілетін болады.   Осы орайда облыс әкімдігі   оңтүстіккореялық компаниямен әріптестік меморандумына қол қойды.

 
Бұл құжат аясында аймақта бұдан өзге де бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Оңтүстіккореялық компаниялар аймақта энергияны үнемдеу, машина жасау және фармакология салалары бойынша бірнеше жобаны қолға алуды көздеп отыр.  
 
Сондай-ақ, жоспарда энергияны үнемдеуге бағытталған шамдар мен табиғи косметикалар өндіру жобалары қарастырылған. Мамандар газтурбиналық электростанция құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін де әзірлейді.  
 
Саймон Ким, инвестициялық компания төрағасы (Оңтүстік Корея):
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, нанотехнологияларды қолдана отырып, пияз сусынымен обыр жасушаларының 70 пайызына дейін өлтіруге болады. Біз осы жобаны алғаш болып Қазақстанда, нақтырақ айтқанда, осы өңірде іске асыратынымызға қуаныштымыз. Жобаны жүзеге асыруға Қызылордамен бірге басқа да облыстар ниет еткен болатын. Бірақ, Сыр өңірі осы өнімді өсіруге қолайлы мекен екенін көрсетті.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу