Қазақстанда жыл басынан бері 60 миллион тонна мұнай өндірілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жыл басынан бері 60 миллион тонна мұнай өндірілген

14.10.2014
Қазақстанда жыл басынан бері 60 миллион тонна мұнай өндірілген

Елімізде мұнай, көмір мен темір рудаларын өндіру 2013 жылмен салыстырғанда кеміген. Қазақстанда жыл басынан бері 60 миллион тонна мұнай өндіріліпті.

Ал, өнеркәсіптік өнім көлемінің физикалық индексі 99,8 пайыз болған. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Астанада табак, пластмасса мен резина бұйымын өндіру де азайған. Бірақ, табиғи газ бен түсті металл өндіру керісінше артып отыр.

Сондай-ақ, азық-түлік өнімдері, сусын мен автокөлік шығару артқан. Жалпы еліміздің 11 өңірінде өнеркәсіптік өнім өндіру жақсарған.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу