Малайзия билігі Қазақстаннан радар деректерін алмақ
«Malaysia Airliens» әуе компаниясына тиесілі жоғалған ұшақ Қазақстанға қарай бет алған болуы мүмкін. Бұл туралы Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.
Саясаткердің айтуынша, қазір лайнерді іздеу операциясы Таиландтан біздің елімізге қарай және Индонезиядан Үнді мұхитының оңтүстігі бағытында жүріп жатыр. Оған 25 ел қатысуда.
Ал, Малайзияның көлік министрлігі осы кезде Қазақстан, Қытай, Таиланд пен Пәкістаннан радарлар мен спутниктік суреттерді алмақ.
Бортында 239 жолаушысы бар әуе кемесі 8-наурызда байланысқа шықпай, радар экрандарынан жоғалып кеткен еді. Ал ресми өкілдердің пікірінше, бәзбіреу лайнердің курсын қасақана өзгертіп, оны айдап әкеткен.
Мадина МҰҚАНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда өткен шығармашылық кездесуде қазақ прозасының дамуы талқыланды
21.04.2026, 13:40
Жапония қару экспорттауға шектеу күшін жойды
21.04.2026, 13:32
Жаркентте көпқабатты үйлерді жөндей бастады
21.04.2026, 13:22
Қос міндетті қатар атқарған маман
21.04.2026, 13:20
Тегеран талабы қандай?
21.04.2026, 13:18
«Шындығын жоғалтпаған ақын» деректі фильмін көріңіз
21.04.2026, 13:15
Халық Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 13:13
Ерекше баласы бар отбасыларға қолдау артады
21.04.2026, 13:10