Алматылық құтқарушылар қиранды астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық құтқарушылар қиранды астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ

11.03.2024

Алматылық құтқарушылар қиранды астынан адам іздеуге арналған құрылғы сатып алмақ. Құны 105 млн теңгеден асатын техникаларды құтқару қызметі мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырған. Бұл сомаға үйінді астынан адам іздестіруге арналған 5 бейне эндоскоп, 5 микротолқынды және 5 әмбебап радар сатып алу жоспарланған. Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 13-28 наурыз аралығында жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу