Мәжіліс депутаты: Біздің елімізде этносаралық келісім сақталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты: Біздің елімізде этносаралық келісім сақталуда

26.04.2023

Ынтымақ, бірлік, келісім – Қазақ елі үшін ең асыл бақыт. Қоғам өкілдерінің пікірі осындай. Қазақстан этносаралық қағидасын берік ұстап келеді. Сондықтан еліміз халықаралық аренада бейбітшіліктің бесігі мен тоғысқан мәдениеттер алаңына айналып отыр.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біздің елімізде этносаралық келісім сақталуда. Бұл жалпы біздің құндылығымыз, байлығымыз деп айтсақ та қателеспейміз. Біздің жалпы этносаралық келісімге бағытталған қазақстандық моделі басқа көрші мемлекеттерге үлгі болып тұр деп ойлаймын.

 Рустам Абдусаламов, Ұйғыр этномәдени орталығының жетекшісі:

Этносаралық келісім бағытындағы жұмыстар өте ауқымды. Үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Біз әр күн сайын елімізде бірлік пен тыныштықты нығайту үшін тынымсыз еңбек етіп келеміз. Ал оның басты нәтижесі – елдің өркендеуі.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу