Аптаның айтулы оқиғалары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аптаның айтулы оқиғалары

24.02.2014
Аптаның айтулы оқиғалары
 
Келер аптада Қазақстанға Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньер ресми сапармен келмек. Бұл туралы бүгінгі брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
 
Италиялық Ламберто Заньер 2011 жылы ұйымға мүше 56 мемлекеттің министрлер кеңесінің шешімімен  Бас хатшы болып тағайындалған еді. Лауазымды тұлға наурыздың 3-4 күндері Астанаға ат басын бұрады.
 
Ал, Үкімет басшысы Серік Ахметов осы аптада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «ҚазМұнайГаз» компаниясының жылдық есеп беру жиындарына қатысады деп жоспарланып отыр.
 
Алтай Әбибуллаев, Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі:
Осы ретте «Самұрық-Қазына» және «ҚазМұнайГаз» басшылары біздің орталықтың брифингіне келіп, отырыстағы маңызды мәселелерге тоқталып, сұрақтарға жауап береді. 26 ақпанда Бейжіңде Қазақстан-Қытай комитетінің сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің жетінші отырысы өтетінін хабарлаймын.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу