Сырдария тасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдария тасып жатыр

18.02.2014
Сырдария тасып жатыр
 
Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзені арнасынан асып, бір шаруа қожалығының малы су астында қалған.

 

Осыған орай аймақтың төтенше жағдай қызметіне жауапты басшылары қауіпті аймаққа барып, жағдайды өз көздерімен бақылап қайтты.

Қазір Көксарай су реттегішінен бастап Қызылорда облысына дейінгі дария бетін қалың мұз басқан. Өзен суы жағалауға жайылып, Қожатоғайға қарасты жайылымдық жерлер көлкіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу