Сыр өңірінде бірнеше жылдан бері су жетпеген көлдер жүйесі қайта қалпына келіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде бірнеше жылдан бері су жетпеген көлдер жүйесі қайта қалпына келіп жатыр

04.04.2022

Қызылорда облысында Сырдария өзенінің деңгейі көтеріліп, көлдер жүйесі мен жайылымдық, шабындық жерлерге су жіберілді. Сырбойылықтар бірнеше жылдан бері тақырға айналған далаға ылғал тиіп, мал жейтін көк шығады деп қуануда.

Бүгінде Қызылорда су тоспасынан секундына 536 текше метр су өтіп жатыр. Мұндай көлемді су дарияда соңғы рет 2017 жылы болған. Жағдайдың жақсаруына көктемде ауа райының жауын-шашынды болуы үлкен септігін тигізіп отыр. Сондай-ақ, жоғарыдағы көршілес елдер де судан қыспай, Қазақстанға тиесілі лимитін жіберіп жатыр. Осының арқасында Шардара су қоймасы толып, қазір Көксарай су реттегішіне жиналуда. Мұнан бөлек, өзеннің төменгі сағасында жатқан Сыр өңірінде бірнеше жылдан бері су жетпеген көлдер жүйесі қайта қалпына келіп жатыр,- дейді мамандар.

Сейілбек Нұрымбетов, «Арал-Сырдария Бассейіндік» инспекциясының басшысы:

Оң жаға, сол жаға, көлдер жүйесіне, магистралды каналдармен жоңышқа, бидай егісіне алынып жатыр. Шабындықтарға су беріліп жатыр. Қамбаш пен Ақшатау көлдер жүйесі Арал ауданындағы 5-6 айдың шамасында екі көлге қосқанда орташа есеппен 750 миллион текше метрдей су берілді.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу