Арақ өнімдеріне акциз салығы өсті
Қазақстанда алкогольді өнімдердің бағасы өсті. Бұл ішімдікке салынудан азаматтарды арашалап қалуға және акциз салығы арқылы бюджетке ақша түсіруді көздейді.
Не керек, «тартып жібердің» енді зауалын татып жүрміз қазір... 250 мың маскүнеміміз бар екен. Осы арақтың кесірінен жыл сайын 20 мың отбасы ажырасады деген дерек бар. Бұған ішімдік салдарынан болатын жол апатын, ішіп алып қылмыс жасауды қосыңыз. Қысқасы арақтан келер зұлмат орасан. Ел денсаулығын жағдайды жақсарту үшін, біраз шаруаны қолға алды. Алкогольді өнімдерді сату уақытын қысқартты. Ішімдіктердің салығын өсірді. Бірден емес, бірақ там-тұмдап болсын құнын қымбаттатып жатырмыз.
Қуаныш Пусиров, сатушы:
10-20 теңге қосылса халыққа әсер етпейді. Ал ертең 1000-2000 теңгеге көтеретін болса, бәлкім сонда әсер ететін шығар, деп ойлаймын.
Мың теңге демекші. Сатушының бұл тілегі биыл орындалды. Енді арақ-шарап өнімдерінің акциз құны 1 литріне 2014 жылы 1000 теңгеге, 2015 жылы 1200 теңгеге, 2016 жылы 1600 теңгеге өсіру қарастырылып отыр.
Пердехан Мұсылманқұл, әлеуметтанушы:
Бұл арақтың дәмін татып үйренгендерге емес, бұл әлі ішпеген, ол туралы түсінік қалыптастырмаған адамдарға жақсы қадам болмақ, деп ойлаймын.
Ол рас енді. Бұл өнімдер қымбаттау болып көрініп тұратын болса, арақ пен темекіге бейім емес адамдар бара қоймайды. Қаржысын басқа бағытқа жұмсайды. Негізі, арақ құнын көтеру арқылы сатылымын азайту халықаралық тәжірибеде бар.
Марк Вандельман, Брюссель тұрғыны:
Бізде алкоголь өнімдерінің бағасы қымбат. Бұрын аздап ішетінмін. Баға көтерілгелі ішімдікті тастадым. Айлығым тамақтан артылмайды. Негізі салықты көтергені жақсы болды.
Айтпақшы, акциз дегенді түсіндіре кетейік. Кәдімгі салықтан әжептәуір айырмасы бар. Салық бәріне салынса, акциз тек теңгеруші рөл атқарады. Мысалы, сіз арақ сатып, көп пайда табасыз. Ал көршіңіз мал шаруасында жүр, еңбегі көп, табысы аз.
Жангелді Шымшықов, ҚР ҰҒА Экономика институтының Астана филиалының директоры:
Сондықтан, дүние жүзінде мынадай механизм ойлап табылған. Пайдасы өте жоғары салаларға салық салынады. Оны акциз деп атайды. Әрбір данасына, әрбір өлшеміне салық салынады.
Енді қай кәсіпкер шығынды өз қалтасынан төлегенді ұнатсын?! Олар алады да, акциз шығынын тауар бағасына қоса салады. Мәселен бөтелкесін 500 теңгеге сатып отырса, акциз салығы 100 теңгені құраса, ол ертеңіне бір шөлмегін 600 теңгеге сатады.
Дегенмен, бұл қымбатшылық дүкен сөресінде емес, «үстелдің астынан» сатылатын арзан, сапасыз арақ-шараптың күрт көбеюіне әкелуі мүмкін. Бірақ, ол тежеу болмауы керек. Сондықтан дәл осындай шаралар жүзеге аса берсе, ішімдікке салынғандар саны азаяды, дейді мамандар.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05