Ақтөбеде оқушы қызды өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбеде оқушы қызды айуандықпен өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Сергей Наумцев енді өмір бойы жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.
Ал оның көңілдесі Виктория Савич 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар 5 ай бұрын 15 жастағы Гүлдира Сәкенованы зорлап, буындырып өлтірген.
Сергей кінәсін мойындамай, алқа билердің қарауына жүгінген болатын. Іспен танысқан олар 22 жастағы күдіктіні өмір бойы жазасын түрмеде өтеуі қажет, деп шешті.
Талғат Құлтазин, Г. Сәкенованың ағасы:
Әділ шешім шығарылды деп ойлаймын. Бірақ, не дегенмен, біз Гүлдираны енді ортамызға қайтара алмаймыз. Қылмыс жасаған екеуі әлі қандай ауыр күнә жасағандарын түсінбей отыр, бір-біріне жымиып. Темір торда қателіктерін түсінер. Бастысы рақымшылық жасалмауы қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06