Шымкенттіктер газ тапшылығын тартып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттіктер газ тапшылығын тартып отыр

05.02.2014
Шымкенттіктер газ тапшылығын тартып отыр
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қақаған қыс ортасында көгілдір отын тапшылығын қатты сезініп отыр. Бұған көрші өзбек елінен келетін табиғи газ мөлшерінің 3 есе азайып кеткені себеп болған. 
 
Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысына Өзбекстан сағатына 4200 текше метр көгілдір отын экспорттап келген болатын. Ол бүгінгі таңда 1200 текше метрге азайған.
 
Мамандар мұның себебін техникалық ақау орын алды, деп түсіндіріп отыр. Қазір, газ тапшылығын болдырмау мақсатында «Бейнеу-Бозой» газ құбырынан екі мың текше метр көгілдір отын жеткізіліп, қажетке жаратылуда. 
 
Тіпті, өңірдегі 74 ірі және шағын кәсіпорынның 7-і, жұмысын тоқтатқан. Тұрғындар үйді жылытып, ас әзірлеудің өзі мұңға айналып отыр дейді. Қазіргі таңда министрлік бұл мәселені тездетіп шешу үшін көрші елмен келіссөз жүргізуде.
 
Әділбай Топбеков,  тұрғын:
Қарт адам жаурағыш келеді. 2-3 күн болды газ төмен. Түнде қосты. Бірақ қысым бұрынғыдай емес.
 
 
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу