Төрт шекара бөлімшесіне әскери Ту тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төрт шекара бөлімшесіне әскери Ту тапсырылды

22.01.2014
Төрт шекара бөлімшесіне әскери Ту тапсырылды
 
Еліміздің Шекара қызметінің бірқатар бөлімшелеріне жауынгерлік Ту тапсырылды. «Астана», «Алматы», «Қорғас», «Жетісай» шекаралық бақылау отрядтарының сарбаздары мен сардарлары Туды қабылдап тұрып, «Еліміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастықты жанқиярлықпен қорғаймыз», деп ант етті.
 
Әскер өмірінің қасиетті белгісі саналатын шараға осы саланың шенділері қатысты. Жыл өткен сайын шекарашылардың қызметтік күш-қуаты арта түсуде. Бөлімшелер қажетті құралдармен жабдықталып, жаңа техникаға ие болған.
 
Нұрлан Жоламанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры:
Бұл тек бізде емес, барлық елде бар. Елбасымыздың атынан әскери бөлімдерімізге Ту алғанымызға қуаныштымыз.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу