8 адам көмірқышқыл газынан уланды
Жамбыл облысында 8 адам жылыту пешінен шыққан түтінге уланып қалды. Оның екеуі әлі бесіктен белі шыға қоймаған сәбилер. Бір тәуірі, барлығы да аман. Жедел медициналық көмектен соң үйлеріне жіберілді.
Бір күнде болған 4 оқиғаның үшеуінде тұрғындардың түтінге тұншығуына көмірмен жағылатын пеш себепші болған. Ал біреуінде мекеме күзетшісі газ плитасынан шыққан улы газдан есінен танып қалған.
Жалпы, қыс түскелі өңірде осындай 25 оқиға болыпты. Оның салдарынан 59 адам зардап шегіп, тағы бесеуі қаза тапты. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мұндай жайттардың жиілеп кетуі тұрғындардың жылыту құралдарын дер шағында бақылаудан өткізбеуі және қауіпсіздік шараларына немқұрайды қарауынан деп отыр.
Омар Такеев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:
Жеке тұрғын үйлерді тексере алмаймыз. Өрт қауіпсіздігі айлығы кезінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Оқиғалардың барлығы жылыту пештерінің техникалық ақауынан болып отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07