Орал қаласында мектеп оқушылары уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласында мектеп оқушылары уланды

12.11.2015
Орал қаласында мектеп оқушылары  уланды
Бұл жолы оқыс оқиға № 12 мектепте тіркелді.

Орал қаласында тағы да мектеп оқушылары уланды. Бұл жолы оқыс оқиға № 12 мектепте тіркелді. Өткір газ иісі білім ошағының үшінші қабатынан шыққан. Оқушылар дереу тысқа шығарылса да тамақтары жыбырлап, көздері ашыған.

Балалар кейін өздерін әлсіз сезіне бастапты. Дәрігерлер 8-9 сыныпта оқитын бірнеше балаға жедел медициналық көмек көрсетті. Оқушылар сақтық үшін қолданылатын балонның газынан уланған, дейді мамандар. Кінәлілер анықталуда.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу