Өткен жылы Петропавлда 6 ғимарат мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылы Петропавлда 6 ғимарат мемлекетке қайтарылды

03.01.2014
Өткен жылы Петропавлда 6 ғимарат мемлекетке қайтарылды

Жылан жылы Солүстік Қазақстан үшін табысты болды. Әсіресе, әлі күнге дейін өзекті болып келе жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тапшылығын жою үшін біршама жұмыстар атқарылды.

 
Облыс орталығында тоқырау жылдары талан-таражға түсіп, басқа мақсатқа пайдаланылып келген 6 ғимарат қайтарылып, 3 балабақша ашылды. 
 
Бұл балабақша ғимараты тоқсаныншы жылдары Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қарамағына өтіп кетіп, оқу корпусы ретінде пайдаланылған. Биыл мемлекетке қайтарылып, қайтадан балабақшаға айналды. Енді бұл тәрбие ошағына  280 бүлдіршін қабылданады.
 
Тұрсын Дайрабаева, «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі:
Бүкіл блоктар жұмыс істейтін болады. 280 балаға арналған. Штаттық кесте бойынша – 100 пайыз.
 
Әсел Қожасова, қала тұрғыны:
Жақсы тәрбие алып шығатындарына сенімдіміз. Балапандарымызға мұнда өте ұнайды. Балабақшамыз жайлы, кең. Барлығымен қамтамасыз етілген.
 
Ал бұл ғимаратта бұрын қалалық Жұмыспен қамту бөлімі орналасқан болатын. Облыс басшылығының араласуымен қайта жөндеу жүргізіліп, енді тиімді мақсатқа пайдаланатын болды.
 
Балғын Мусина, «Балауса» балабақшасының меңгерушісі:
30 адамға жұмыс орны ашылды. Біз ме бүлдіршіндерді млекеттік тілде тәрбиелейтін боламыз. 80 орындық.
 
Қазірдің өзінде Петропавлда 9 мыңнан астам бала кезекте тұр. Сондықтан, жекеменшікке өтіп кеткен, немесе басқа мақсаттарға пайдаланылып келген ғимараттарды қайтару жұмыстары әлі де жүргізілмек.
 
Елена Балло, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
3 пен 6 жас аралағындағы, яғни, балабақшаға орналастыруды қажет ететін 2 мыңнан астам бала бар. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келер жылдан бастап жаңа балабақша ғимараттары салынатын болады.
 
Жыл сайын Петропавлда бала туу саны 200-ге артып келеді. Сондықтан, оларды мектепке дейінгі білім ошағымен қамту мәселесі күн тәртібінен түспейді.  
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу