Өскеменде Аяз аталар сайысқа түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Аяз аталар сайысқа түсті

01.01.2014
Өскеменде Аяз аталар сайысқа түсті
Өскеменде ең көңілді, мықты әрі тапқыр Аяз аталар анықталды. Дәстүрлі шараға Аяз ата мен Ақшақардың 50 жұбы қатысып, олардың ішінен үздіктер анықталады.
 
Шығыстағы бас шаһардың орталық алаңында ұйымдастырылған мерекелік шара барысында жаңа жылдың басты кейіпкерлері әзіл айту, халықты көңілдендіру және жақсы көңіл-күй сыйлау сияқты түрлі сынақтардан өтті.
 
Аяз аталалар би жарысқа және интеллектуалдық ойындарға, сондай-ақ, спорттық сайыстарға да қатысты. Бұдан соң, жиналған көпшілікке мерекелік бағдарламаларын ұсынды.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу