Мадрид көшелерінде 7 мыңнан астам Аяз ата жүгіруден жарысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадрид көшелерінде 7 мыңнан астам Аяз ата жүгіруден жарысты

10.12.2018

Испания астанасы Мадридте жаңажылдық көңіл күй. Қала көшелерінде 7 мыңнан астам Аяз ата жүгіруден жарысты. Бұл шара негізінен қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылып отыр. Одан түскен қаражат қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуге бағытталады. Жарысқа сонымен бірге эльфтердің костюмін киген балалар да қатысты. Әлемнің бірқатар елінде жыл сайын Аяз аталар осындай қайырымдылық жарыстарын өткізіп тұрады. Биыл Мадридте өткен шара ауқымы жағынан ең ірі деп танылды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу