Шығыс Қазақстан облысында келіндер байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында келіндер байқауы өтті

10.03.2014
Шығыс Қазақстан облысында   келіндер байқауы өтті

Шығыс Қазақстанда  Әйелдер күніне орай «Аяулы жас келін» атты байқау өтті. Мерекелік сайыста облыстың барлық аудандарынан келген жас келіншектер бақтарын сынап,  өнерлерін ортаға салды.

 
Ұйымдастырушылар қатысушылардың жасы 29-дан аспаған, сәбиі бар, әрі ата-енесінің қолында тұруы тиіс деген талап қойған болатын. Осы шарттарға сай келетін және өз аудандарында өткен сайыста жеңіске жеткендер облыстық байқауға қатысуға мүмкіндік алған.
 
Алдымен олар өздерінің өмірі туралы бейнеролик дайындады. Қазылар алқасы осы материалдарды қарап отырып, арасынан 11 үміткерді іріктеп алды. Бұдан соң жас келіндер Өскеменде бас қосып, ұлттық тағамдарды даярлаудан, өнер көрсетуден сайысқа түсті. Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Абай ауданының тұрғыны Тоғжан Исанова жеңіп алды.
 
Тоғжан Исанова, байқау жеңімпазы:
Осы жарысқа қатысуыма Абай ауданындағы көптеген кісілердің, аға-әпкелерімнің көмегі болды. Бәріне рахмет айтамын. Бұл - бүкіл Абай ауданы халқының жеңісі.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу