Белгілі бокшы Қанат Ислам чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі бокшы Қанат Ислам чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

05.07.2019
Белгілі бокшы Қанат Ислам чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам екі жылға жуық үзілістен кейін рингке қайта оралды. Аяғынан алған жарақатынан толық айыққан отандасымыз сәлден кейін Алматыда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қанаттың бұл жолғы қарсыласы Доминикан елінен келген Хулио де Хесус. Боксшылар бірінші орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуін сарапқа салады. Қазір әріптесім Амангелді Сейітхан Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайынан тікелей эфирге қосылуға дайын.

 

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы қазіргі аура өте жақсы. Өйткені, шаршы алаңға шыққан жерлестеріміздің барлығы қарсыластарын ұтып жатыр. Жалпы, «Қазақпромоушнс» ұйымдастырып отырған бокс кешінде 10 кездесу жоспарланған. Ал жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған басты жекпе-жек Қанат Ислам мен Доминикандық Хулиоде Хесус арасында болады. Қанаттың қарсыласы кәсіпқой рингте 28 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан. Алайда, ол — барлық кездесуін өз елінде өткізген екен. Сондықтан бүгін Қанатта психологиялық басымдық болуы тиіс. Өйткені, отандасымыз бірнеше мәрте шет елде өнер көрсетіп,  жалпы 25 жекпе-жегінің барлығын жеңіскпен аяқтаған еді. Соңғы рет рингке алдыңғы жылдың қыркүйек айында канадалық Брендон Кукты техникалық нокаутпен жеңген.

 

Азамат Мәди, "Qazaq Promotions" компаниясының атқарушы директоры:

 

Біз де Қанатқа сәттілік тілейміз! Қанаттан бөлек бүгін, екеуі титулдық жекпе-жек өткізеді. Мұхиттың ар жағынан арнайы келген Мадияр Әшкеев NBA нұсқасының белбеуіне таласады. Бір өкініштісі, бокс кешінің басталуына бір күн қалғанда Мадиярдың эстониялық қарсыласы Павел Семенович жарақатына байланысты мұнда келуден бас тартқан. Сондықтан Мадияр енді Украинадан келген Игорь Фаниянмен жұдырықтасады. Одан бөлек, Руслан Мырсатаев, Абылайхан Құсайынов, Асқар Ерубек, Нұрсұлтан Аманжолов, Арман Рысбек, Берікбай Нұрымбетов, Бексұлтан Раушанов, Сапарбай Айдаровтар шаршы алаңға шығады. Біз жігіттердің бәріне сәттілік тілейміз!

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

 

Хабарламаларға жазылу