Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойына арналған спартакиада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойына арналған спартакиада өтті

26.02.2019

Алматыда физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойына арналған спартакиада өтті. Оған білім ошағының ұстаздары мен оқушылардың ата-аналары қатысты. Алматы, Талдықорған, Шымкент және Өскемен қалаларынан келген қатысушылар волейбол, шахмат және үстел теннисі бойынша бақ сынады. Бұған дейін тек мұғалімдер арасында өтіп келген жарысқа биыл бірінші рет ата-аналар шақырылған.

Жалпы, салауатты өмір салтына үндейтін сайыстың әуелгі мақсаты ата-аналар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға негізделген. «Өйткені бұл бастама өз кезегінде ата-аналар мен ұстаздардың бірлесіп жұмыс істеп, балалардың білімі мен тәрбиесін тиімді қадағалауға ықпал етеді»,-дейді ұйымдастырушылар.

Ербол Орынбаев, ұйымдастырушы:

- Іс-шараның мақсаты - ата-аналарды бір-бірімен байланыстыру, балаға тәрбие беру.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу