Алматыда Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ауқымды акция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ауқымды акция басталды

24.04.2018

«Кітап - әлемді бағындырады». Осындай атаумен Алматыда Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ауқымды акция басталды. Оған физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен 250 оқушы атсалысып жатыр. Олар бір-біріне тағылымды-танымдық кітаптар сыйлауды қолға алды. Ұстаздардың сөзінше, мұндай шара шәкірттердің кітапқа деген қызығушылығын оятып, білім көкжиегін кеңейтеді. Сондықтан, аталған акция биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Динара Бегалықызы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Ұйымдастыру барысында қызықтар әрине, өте көп. Бір жағынан қарбалас болып жатса, екінші жағынан ең бастысы, оқушылар дән риза.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу