Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылардың тізімінде көш бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылардың тізімінде көш бастады

11.01.2019

Ақыл-ой спортының озығы. Қаршадай қазақ қызы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылардың тізімінде көш бастады. Ол ЭЛО рейтингі бойынша «классика», «рапид» және «блицте» бірінші болды. Бұған дейін әлемдік рейтингте бірде-бір қазақстандық шахматшы бұл биікке көтеріле алмаған. Бұл - тарихи жетістік.

Айта өтейік, өткен жылдың қарашасында ересектер арасындағы Әлем чемпионатында дебютін тойлаған Жансая Қазақстан шахматы тарихында ширек финалға шыққан алғашқы спортшы болды. Ал, желтоқсан айында «рапид» және «блиц» бойынша өткен Әлем біріншілігінде жылдам шахматтан 6-орынды иеленді.  

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу