Том Леффлер Геннадий Головкинмен арадағы серіктестік қатынасын үзбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Том Леффлер Геннадий Головкинмен арадағы серіктестік қатынасын үзбейді

08.01.2019

Проумотер Том Леффлер Геннадий Головкинмен арадағы серіктестік қатынасын үзбейтінін айтты. Оның үстіне келісімшартты бұзу жөнінде тараған ақпараттың жалғандығын және GGG тобымен бірге екендігін жеткізді.

Бірақ орта салмақтағы кәсіпқой боксшы әзірге кіммен телесеріктес болатынын шешкен жоқ. Головкинмен келісімге келуге қазір ESPN, DAZN және Premier Boxing Champions арналары үміткер,-деді.

Сондай-ақ, проумотер Леффлер журналистер алдында өз сөзін былай түйіндеді:

«Өтінемін, GGG-дің жеке өмірін әлеуметтік желілерде қозғамаңыздар, ол жеке өмірі мен боксты бөліп қойған. Оған құрметпен қараңыздар және бізден ресми ақпарат күтіңіздер».

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу