«Шахмат ойнап үйренейік» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахмат ойнап үйренейік» атты кітап жарық көрді

04.12.2018

«Шахмат ойнап үйренейік». Осындай атаумен алғаш рет қазақ тіліндегі шахмат ережелері туралы кітап шықты. Авторы - әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, әйелдер арасындағы халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Динара Сәдуақасова. Кітапта ойынның тарихы, ережесі, тактикалар, есептерді шешу, тапсырмалар мен олардың жауаптары жазылған. Тіпті, ойын кезіндегі мінез-құлық ережелері де көрсетілген.

Динара Сәдуақасова, шахматшы:

- «Шахмат ойнап үйренейік» атты кітапта мен өзім қатысқан Әлем чемпионаттары және халықаралық турнирлердің ойындарын пайдалана отырып, шахматтың барлық әдістерін көрсеттім. Қазақ тілінде осы кітапқа ұқсас оқу құралдары жоқ.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу