«Қазақстан» РТРК» қызметкері каратэден өткен «Кубок Москвы» жарысынан олжалы оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» қызметкері каратэден өткен «Кубок Москвы» жарысынан олжалы оралды

17.03.2016
«Қазақстан» РТРК» қызметкері каратэден өткен «Кубок Москвы» жарысынан олжалы оралды

Мәскеуде киокушинкай каратэден халықаралық «Кубок Москвы» жарысы өтті. Оған Ресейдің барлық аймақтарынан 300-ден аса спортшы қатысса, Қазақстан намысын жалғыз спортшы - «Қазақстан» РТРК» қызметкері - қара белбеу (1-ші дан) иегері Мұрат Ерғалиев қорғаған. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 40 жастан асқан ардагер спортшылар арасында бақ сынап, жүлделі 3-ші орынды иеленді.

Айта кетейік, М.Ерғалиев өткен жылы да бұл сайыста ел намысын қорғап, күміс жүлдені қанжығасына байлаған еді.  

Әріптесімізді шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз.

Хабарламаларға жазылу