Серік Қонақбаев AIBA комиссиясының төрағасы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Қонақбаев AIBA комиссиясының төрағасы болып тағайындалды

09.01.2015
Серік Қонақбаев AIBA комиссиясының төрағасы болып тағайындалды

AIBA-ның вице-президенті Серік Қонақбаев спортшылар және жастар істері жөніндегі AIBA комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы даңқты боксшыны құттықтап хат жолдаған AIBA президенті Чинг-Куо Ву хабарлаған. «Сіздің боксшы ретінде жетістіктеріңіз бен бокс саласындағы біліміңіз бұл қызметті табысты орындауға септігін тигізеді», - деп атап өткен Ву хатында.

Хабарламаларға жазылу