Астанада WBA штаб пәтері ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада WBA штаб пәтері ашылуы мүмкін

09.07.2018

«Қазақстанда кәсіпқой боксты халық жақсы көреді, бірақ, дамымаған». Бейбіт Шүменов журналистермен өткен кездесуінде осылай деді. Ол отандық кәсіпқой бокстың деңгейін көтеріп, былғары қолғап шеберлерін дүниежүзіне таныту үшін ұсыныс жасағанын айтты.

Яғни, Астанада бүкіләлемдік бокс қауымдастығының штаб пәтерін ашу керек, деген бастама көтерді. Мұны қауымдастықтың WBA президенті Гилберто Мендоза құп көріп отыр. Ол қазір мәселе директорлар кеңесінде терең зерделеніп жатқанын жеткізді. Штаб пәтер келер жылдың басына дейін ашылып қалар,-деді. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу