Елордада «өмір бойы оқытудың» өзекті мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «өмір бойы оқытудың» өзекті мәселелері талқыланды

01.06.2018

«Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер». Астанада осындай тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында «өмір бойы оқытудың» өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, оқыту мен оқудағы инновациялар жайында сөз қозғалды. Мәдениаралық коммуникацияларға арналған көптілді білім  берудің жаңа қырлары таныстырылды. Конференцияға ЮНЕСКО штаб-пәтері Дүниежүзілік үздіксіз білім беру комитетінің халықаралық сарапшылары мен шетел университеттерінің танымал ғалымдары қатысты.

Манаргүл Мұқашева, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Кеше ғана Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясында үлкен дөңгелек үстелдер өткізілді.  Көптеген мәселелер талқыланды. Бұл мәселенің көкейкестілігін жан-жақтан қатысып отырған ғалымдардың және жергілікті мамандардың қызығушылығынан байқауға болады.

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА

Хабарламаларға жазылу