«Еуразия барысы». Оспан Дауылбай моңғолиялық қарсыласына есе жіберді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». Оспан Дауылбай моңғолиялық қарсыласына есе жіберді (ВИДЕО)

16.12.2017

Бірінші айналымның соңғы жұбы Қазақстан құрамасы Моңғолия палуандарымен белдесуде. Бұл жұпта алғаш болып 55 келі салмақта Оспан Дауылбай және моңғолиялық палуан Мункхбат Генендарам шықты.                

Оспан Дауылбай 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Алайда, моңғолиялық қарасыласы да осал болмады. Бұл белдесуде Моңғолия палуанының пайдасына шешілді.

Айта кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу