Андрей Аршавин «Qazsport» телеарнасында футболдан Әлем чемпионатын жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Андрей Аршавин «Qazsport» телеарнасында футболдан Әлем чемпионатын жүргізеді

22.11.2017
Андрей Аршавин «Qazsport» телеарнасында футболдан Әлем чемпионатын жүргізеді

«Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында танымал ресейлік футболшы, қазіргі кездегі қазақстандық «Қайраттың» сапындағы ойыншы Андрей Аршавин «Qazsport» арнасынан тікелей көрсетілетін 2018 жылғы Әлем чемпионатын жүргізе алатынын айтты. Мұның қаншалықты мүмкін екенін білу үшін телеарна директоры Павел Цыбулинге хабарластық.  

- Андрей Аршавинның Әлем чемпионатын жүргізе алатынына қатысты айтқан пікіріне ойыңыз қандай?

- Бағдарламада Андрей 2018 жылғы Әлем біріншілігіне комментаторлық етуге қарсы емес екендігін әзіл арқылы білдірді. Біз әрине, тек «иә» дейміз. Біріншіден, Аршавин посткеңестік кеңістікте соңғы онжылдықтағы үздік ойыншылардың бірі. Екіншіден, танымал алматылық клубтың көшбасшыларының қатарында, үшіншіден, Әлем біріншілігі Ресейде өтеді. Бұл да қызығушылық тудыратын себеп.

-  Сонымен, Аршавинның ойына не айтасыз? Оны шақырасыз ба?

- Ойдың әзіл түрінде айтылғанына қарамастан, біз жарыстар кезінде оны бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Айта кетсек, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бұл ірі спорттық шараны трансляциялаудың эксклюзивтік құқығына ие. Аршавин қазақстандық Премьер-лига ойындарынан бос күндері комментаторлық етуі мүмкін. Сондай-ақ, Әлемдік чемпионат аясындағы студиялық бағдарламадан көрінуі мүмкін. Жалпы, біз комментатор ретінде қазақстандық футболшыларды көргізім келеді. Олар қазіргі ойыншылар немесе  спорттық мансабын аяқтағандар.  Бірақ, олардың комментаторлық етпеу және сарапшылық жасамау үшін түрлі себептер айтатын сирек жағдайлар кездеседі. Дегенмен, футболдың мәнін олардан артық ешкім білмейді.

- Аршавинның бұған дейін Әлем чемпионаттарын жүргізбегені белгілі. Қазіргі комментаторлармен араларында бәсекелестік туындап қалмай ма?

- Әрине, Аршавин еңбек сіңірген ойыншы. Бірақ, комментатор ретінде енді тани аламыз. Дегенмен, оның сөздік қоры бай және оны пайдалана алатыны әлден анық. Сондықтан, сараптамасы сәтті шығуы тиіс. Оның үстіне, жақсы серіктестері болады. Осы орайда айта кетсем, «Qazsport» арнасында комментаторлар арасындағы кастинг жалғасуда. Бірінші кезең артта қалды. Барлығы 503 өтінім келіп түсті. Олардың ішінен 271-і кастингтен өтуге шақырту алды. Қалған өтініштер дұрыс толтырылмаған немесе талапқа сай емес. Қатысуға өтінім білдіргендер арасында спорттан мүлдем хабары жоқтар да бар болып шықты. Екінші кезеңге 47 адам жолдама алды. Үміткерлер спорт түрін өздері таңдады.

Енді алдағы уақытта олардың арасынан тек 20-ын қалдыратын боламыз. Олардың дауыстарынан бейнежазбалар телеарнаның kazsporttv.kz сайтында жарияланады. Яғни, жанкүйерлердің ұнаған комментаторларына дауыс беруге мүмкіндіктері бар. Осыдан кейін барып үздік шыққан он адамның үміткерлігі Корпорацияның көркемдік кеңесінде қаралатын болады. Көркемдік кеңеске филологтар, журналистер, блогерлер, БАҚ басшылары, спорт федерацияларының өкілдері және Олимпиада чемпиондары кіреді. Желтоқсан айында кастингті аяқтап, 2018 жылды жаңа комментаторлармен бастаймыз.

 

-Сұхбатыңызға рахмет!

 

Андрей Аршавин қатысқан бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу