Футболдан Әлем чемпионатын Ұлттық арна мен «Qazsport» телеарналары тікелей көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионатын Ұлттық арна мен «Qazsport» телеарналары тікелей көрсетеді

04.11.2022

Қатар футболдан Әлем чемпионатын қабылдауға тас-түйін дайын. Бір ай бойы өтетін жарысқа бұл ел төрт жыл әзірлік барысында 7 жаңа стадион салып, 1 стадионды толық күрделі жөндеуден өткізген.

Біріншіліктің барлық ойындары бес қалада орналасқан алаңдарда өтеді. Олардың айналасына 15 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Қауіпсіздік мақсатында барлық стадиондағы жағдайды онлайн бақылау үшін бірыңғай цифрлық басқару орталығы ашылған.

Ұйымдастырушылар доп додасын тамашалауға 1 млн 200 мыңдай жанкүйер келеді деген болжам жасап отыр. Қатар футболдан әлем чемпионатын өткізуге осы күнге дейін 300 млрд доллар жұмсаған.

20 қарашада басталатын төрт жылдықтың басты бәсекесін Ұлттық арна мен «Qazsport» телеарналары тікелей көрсетеді. Әрі арналардан бір ай бойы тікелей эфирде арнайы бағдарламалар шығады. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу