Алматыда 2018 жылы футзалдан Әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 2018 жылы футзалдан Әлем чемпионаты өтеді

13.11.2017

Мегаполистегі спорт кешендерінің футбол алаңдары халықаралық деңгейдегі жарысты өткізуге әрі мыңдаған жанкүйерлерді қабылдауға дайын. Бұл туралы Ұлттық студенттер лигасының президенті Дамир Шыныбеков айтты. Оның сөзінше, «Алматы» мен «Халық арена» спорт кешендерінің инфрақұрылымы әлемдік стандарттың барлық ережесіне сай келеді. Оған қоса, еліміздің Ұлттық құрамасы Еуропаның таңдаулы командаларымен топқа түсіп, тең дәрежеде ойын көрсетуге мүмкіндігі бар. Мысалы, биыл Қытайда өткен Азия ойындарында Ұлттық студенттік лигасының құрама командасы 3-ші орын алған. 

Дамир Шыныбеков, Ұлттық студенттер лигасының президенті:

- 2018 жылы біздің сүйікті Алматыда әлемдік чемпионат өтеді. Бұл біздің тарихымызда, барлық ТМД елдері тарихындағы алғашқы жарыс. Ең беделді командалар келетін болады. Бразилия, Испания, Португалия. Сондықтан, ол біз үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын.    

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу