Астана қаласында велосипедшілер жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласында велосипедшілер жарысы өтті

02.10.2017

Назарбаев зияткерлік мектебінің бастамасымен ұйымдастырылған  спорттық сайысқа шаһардағы 6  мектептен 300-ден астам адам қатысты.  Олардың арасында оқушылармен қоса,  ұстаздар да бар. Қатысушылардың белсенділігіне тіпті күннің салқындығы да кедергі болмады.

Басты талап - 3 кезең бойынша 800 метрді айналып өтуі тиіс. Осылайша, олар салауатты өмір сүру салтын насихаттап, денсаулықққа пайдалы, әрі үнемді деп саналатын екі аяқты тұлпардың ерекшелігін көрсетпек ниетте.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу