Астанада велоспорттан әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада велоспорттан әлем чемпионаты басталды

19.08.2015
Астанада велоспорттан әлем чемпионаты басталды

Әлем біріншілігінде барлығы 19 медаль сарапқа салынады. Сайысқа қатысушылар велоспорттың  1000 метрлік гит, кейрин, спринт, командалық спринт, командалық жарыс, жеке жарыс, топтық жарыс, скретч жарысы, мэдисон және омниум бойынша өзара бәсекеге түседі.

Еске сала кетейік, 2011 жылы еліміз тректегі велоспорт бойынша әлем Кубогын сәтті өткізген болатын.  2014 жылы тас жол мен тректегі велоспорт бойынша Азия Чемпионаты өтті. Жарыстарды жоғары дәрежеде ұйымдастыру, спортшыларға ыңғайлы жағдай жасау мен басты делегаттардың жағымды пікірлерінің арқасында Халықаралық UCI велосипедшілер одағы 2015 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем Чемпионтан Астана қаласында өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Әлемдік велоспорттың жетекші органының бұл сенімі Қазақстанның велоспорт Федерациясының деңгейі жоғары екенін тағы бір дәлелдейді.

 

Хабарламаларға жазылу